"Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры" бірінші тоқсанда 34 млрд. 860 млн. теңге табыс тапты
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – "Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры" биылғы жылдың бірінші тоқсанында 34 миллиард 860 миллион теңге оң инвестициялық табыс тауып, салымшыларының бет есебіне түсіріп қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Сәуірдің 1-нен бастап біздің салымшыларды тек қана табыс күтеді. Оның басты кепілі ? қор қоржынындағы өте өтімді де сапалы бағалы қағаздар құрамы», ? дейді аталмыш қор Қызылорда филиалының директоры Серік Тәшімбет.