Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

"Қазақстан халық банкінің ЖЗҚ" АҚ-ның үлесі 2009 жылы 1,5 пайызға ұлғайды

АЛМАТЫ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жинақтаушы зейнетақы нарығында "Қазақстан халық банкінің ЖЗҚ" АҚ-ның үлесі 2009 жылы 1,5 пайызға ұлғайды.

"Қазақстан халық банкінің ЖЗҚ" АҚ-ның  үлесі 2009 жылы 1,5 пайызға ұлғайды

Оны қордың басқарма төрағасының орынбасары Қаңтар Орынбаев бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қор салымшыларының жинақталған зейнетақысы былтыр ұлғайып, 560 миллиард теңгеге жуықтады. Салымшылар үшін тапқан инвестициялық табыс 90 миллиард теңгеге артып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жалпы табысының 42 пайызынан асты.

"Жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметі тиімділігінің бір көрсеткіші - атаулы табыс коэффициенті. Ол 2009 жылы бізде 17 пайызды құрады. Бұл бүкіл қорлардың безбенделген орташа атаулы табыс коффициентінен 5 пайыздық тармаққа және сәйкес кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейінен 11 пайыздық тармаққа жоғары болды. Жоғары қаржылық тұрақтылық пен сенімділікті қордың 26 миллиард теңгеге жуықтайтын - жүйедегі ең үлкен меншік капиталы қамтамамыз етті", дейді Қаңтар Орынбаев. Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, салымшылардың жинақталған қаражаттарын 39 пайызға ұлғайтқан "Қазақстан халық банкінің ЖЗҚ" АҚ-ы жинақталған зейнетақы қаражаттары нарығындағы үлесін былтыр 1,5 пайызға ұлғайтып, 30 пайыздан асырды.