Қазақстан халық партиясының белсенділері Алматының экологиясын талқылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан халық партиясының белсенділері Алматының экологиясын талқылау үшін экологтерімен бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жиынға экологтер, сарапшылар, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
2019 жылы Алматы әлемдегі экология үшін аса қауіпті 100 қаланың қатарына қосылды. Қазгидрометтің мәліметінше, қаладағы ауа өте ластанған.
Ауаның ластану индексі 7 (жоғары), стандартты индекс 9 (жоғары) болып отыр.
«Қалада ең үлкен ластаушы фактор автокөлік. Ауаны ластаушы заттардың 65 пайызыны көліктер шығарады. Ал ауаға зиянды зат бөлетін нысандар саны 11 877 екені анықталды. Оның ішінде жылу қуатын ЖЭО-2 көп бөледі», -деді PhD доктор, әл Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКОның тұрақты даму бойынша кафедрасының меңгерушісі Айна Рысмағамбетова.
Сарапшы маман орта және кіші өзендердің де ахуалын тілге тиек етті
Алматы аумағында 153 су нысаны бар екен.
«Ашық су қоймаларындағы су бүкіл қаламен өтеді. Түрксіб ауданындағы судың бактериология көрсеткішрі 100 пайыз нормаға сай емес. Сонымен қатар, 480 мың тонна қалдық жиналған. Оның 5,7% ы ғана өңделген. Ал өңдеу деңгейі де әлі сын көтермейді. Қатты тұрмыс қалдығы бөлек жинау да жүйеленбеген. Шетелдерде кең тәжірибеге айналған «zero otdes- нөл қалдық» қағидаты жүзеге аспай тұр»,- деді спикер.
Алматы Экологиялық департаментінің басшысы Қонысбек Байеділовтің айтуынша, қаланың басты проблемасы ауа бассейнінің ластануы болып отыр.
«Соңғы мағлұматтарға қарағанда былтыр ауа 36% энергетикалық заттармен, 52% көлік қызметінен, 14% жекеменшік үйлердің қыста от жағуымен, 2% өндірістік ошақтардың қалдығымен ластанады. Қазір осы бағытта Үкімет бекіткен арнайы жол картасы бар. Алайда, табиғи климаттық ахуалды да ескеру керек»,- деді ол.
Дөңгелек үстелде Қазақстан халық партиясының Алматы бөлімшесінің мәдени мұра бойынша комиссиясының төрағасы Гүлдана Нұрпейісова жастар арасында экологиялық тәрбиені дәріптеу керектігін алға тартты.
«Экологиялық тәрбие адамзатқа өте керек дүние. Біздің қоғам оған зәру. Экологиялық білім беру арқылы біз жастарға қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлықтарына барынша қамқорлықпен қарауға үйретеміз»,- деді ол.
Спикер қаланың экологиясын жақсартатын бірқатар ұсынысты алға тартты.
«Техногендік факторды ескере отырып ЖЭО-2 орталығын газға ауыстыру керек. Үйлерді көмірмен жылытуға тыйым салып, осы мәселеге мониторинг жүргізу керек. Қоғамдық көлікті газға көшіру өте өзекті болып тұр. Әлеуметтік нысандардың айналасын көгалдандыру ды бақылауға алған дұрыс. «Сулпак» сауда үйінде болған жайды ескере отырып, ағаш кесуге заңмен тыйым салу керек. Әр кесілген ағаштың орнына отырғызылатын көшетке 5 жыл жауапкершілік бекіткен жөн«,- деді спикер.