Қазақстан: халықаралық энергетикалық қарым-қатынас секторында қарқын күшейе түсті - www.ost-west-contact.de неміс сайты

МАГДЕБУРГ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Қазақстан мұнай өндіруден әлемдегі ең ірі мемлекеттер қатарына жатады, ТМД елдері арасында мұнай өндіруден көлемі жағынан Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орынды иеленетіні мәлім. 2010 жылы Қазақстан мұнай өндіруді 80 млн. тоннаға дейін арттыруды жоспарлап, 2015 жылы оның көлемін жылына 100 млн. тоннаға жеткізуді межелеуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат www.ost-west-contact.de,неміс сайтына сілтеме жасап.2008 жылы қыркүйекте Астанада өткен ІІІ Еуразиялық энергетикалық форумда мұндай ауқымды іске қыруар инвестиция қажеттігі айтылған болатын. Сондықтан Қазақстан халықаралық энергетикалық қатынас секторында қарқынды күшейте түсуге мүдделі. Мұнай өндіруді арттырумен қатар табиғи газды өндіру де арта түспек. Бұл жағынан Батыс Қазақстан мен Атырау мұнай мен газ өндірудің неғұрлым дамыған орталықтары болып отыр. Қарашығанақ кенішінде құрамында Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Ресей әріптестері бар халықаралық консорциум игеруде. Атырауда «Теңізшевройл» бірлескен қазақстан-ресей-американ кәсіпорыны жұмыс жасайды, қазақстандық тараптан оған «ҚазМұнайГаз» ұлттық холдинг компаниясы қатысуда. Оның мақсаты ? келешекте мұнай өндіру нарығының 50 пайыздық үлес салмағына ие болу.Қазақстан үкіметі осы бағыттағы барлық инвестициялық жобаларда баға белгілеуді ұлғайтуға, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының сыйымдылықтарын кеңейтуге мүдделі. Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттары осы бағытқа жұмылдыруда.Болашақта мұнай құбырлары желісін одан әрі кеңейту шығыс пен батыс мұнай құбырларын ? Кеңқияқ пен Құмкөл кеніштерін байланыстыруды көздейді. Каспий теңізі арқылы «Баку-Тбилиси-Жейһан» мұнай құбырына шығу жоспарлануда. Қазақстан сонымен қатар Орталық Еуропамен байланысу үшін Одесса бағытындағы ресей мұнай құбырын және «Дружба» мұнай құбырын пайдаланады.Көмірсутектері кен орындарын табу мен өндіруге байланысты инвестиция көлемі Қазақстанда 2003 жылғы 5,5 млрд. доллардан 2007 жылы 12 млрд. долларға жуықтаса, осының басым бөлігі өндіруші сектор үлесінде. Табиғи газ кен орындары жөнінен Қазақстан әлемдік газ қорының 1,7 пайызын иеленеді. Қазақстан үкіметінің болжамы бойынша 2015 жылдары елде ішкі газ тұтыну арта түспек. Сол үшін Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ газ құбыры кеңейтіледі. Сонымен қатар үкімет электр энергиясы өнеркәсібі құрылыстарын салуға және жаңартуға кірісті. Қолдағы 19 000 мегаваттық өндірістік қуаттары бар 60-қа тарта электр стансаларының көбі ескірді, олар анығында 15 000 мегаватт қуатпен ғана жұмыс істей алады. Қазақстанда ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануды кеңейтуді жоспарлап отыр, ол үшін өндірумен қатар уран-235-ті байыту, ел ішінде оны жылу қуатына жұмсауды кеңейту жоспарлануда. Еліміз электр қуатын арттырудың басқа да көздерін пайдалана отырып, күн және жел энергиясын кәдеге жаратуға баса назар аудармақ.Екібастұз, Мойнақ, Ақсу мен Балқаш жылу-электр стансалары қуаттарын қалпына келтіру жұмыстарына баса назар аударылуда. Осындай ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру үшін халықаралық энергетикалық қарым-қатынас секторы алдағы уақытта да қарқынды күшейте бермек.
Соңғы жаңалықтар