Қазақстан-Хорватия іскерлік кеңесі құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Хорватия іскерлік кеңесі құрылады. Сәйкесінше келісімге бүгін Қазақстан-Хорватия бизнес форумы аясында қол қойылды. Құжатты «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев пен Хорватия Шаруашылық палатасының президенті Лук Бурилович рәсімдеді.
None
None

Кеңес екі елдің кәсіпкерлері арасындағы сауда инвестициялар, технологиялар беру, қызметтер көрсету және өнеркәсіптің басқа да салаларындағы ынтымақтастықты өрістетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстан мен Хорватия арасындағы екіжақты экономикалық байланыстардың арта түсуіне өз септігін тигізетін болады.

Форумға Хорватия тарабынан 80-ге жуық, ал Қазақстан тарабынан 200-ге жуық кәсіпкер қатысуда. Шараның ашылу рәсіміне екі елдің Үкімет басшылары Кәрім Мәсімов пен Зоран Миланович арнайы қатысып, сөз сөйледі.

Айта кетейік, 2005-2014 жылдары аралығында Хорватия елімізге 6,4 млн. доллар көлемінде тікелей инвестиция салды. Ал дәл осы аралықтағы Қазақстанның Хорватияға құйған тікелей инвестициясының көлемі 0,3 млн. долларға тең.

Соңғы жаңалықтар