Қазақстан ИКҰ-ға мүше елдермен арадағы экономикалық ынтымақтастық туралы бас келісімді ратификациялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан ИКҰ-ға мүше елдермен арадағы экономикалық ынтымақтастық туралы бас келісімді  ратификациялады

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.