Қазақстан инвестициялық рейтингте 17 сатыға көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан бір жыл ішінде жаһандық инвестициялық рейтингте 17 сатыға жоғарылады. Бұл туралы жалпыұлттық онлайн-марафонда айтылды.
Еліміз 53-орынға жайғасып, Орталық Азия мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Сарапшылар Қазақстаhttps://t.me/onlinemarathon2026/3617нның инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқанын атап өтеді.
— Негізгі бағыттар — энергетика, инфрақұрылым және цифрлық технологиялар. Әлеуметтік инфрақұрылым да дамып келеді. Соңғы алты жылда 1200 мектеп салынып, балабақшалар саны үш жылда 720-ға артып, шамамен 12 мыңға жетті, — дейді олар.
Бұдан бұрын импорт алмастыру мен инвестиция Қазақстан экономикасын қалай өзгертіп жатқанын жазған болатынбыз.