«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның айналымдағы облигациялары 61,2 миллиард теңгені құрады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Табыс көлемі биыл 282 миллион 278 мың теңгеге артты. Оның ішінде өнімді жүзеге асырудан түскен табыс 5 миллиард 792 миллион 619 мың теңгені құрады. Ал шығын 14 миллиард 979 миллион 68 мың теңге болды. Былтыр 11 айда табыс 10 миллиард 497 миллион 227 мың теңге болып, оның ішінде өнімді жүзеге асырудағы табыстың көлемі 6 миллиард 293 миллион 227 мың теңгені құраған еді. Компанияның активтері есептік кезеңде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,01 есе ұлғайып, жеке капитал 0,8 есеге кеміді. Ал міндеттемелер 1,1 есеге ұлғайды», дейді Басқарма төрағасы. Оның айтуынша, қаңтар-қараша айларының аралығындағы мерзімде нарықтық бағдарлама бойынша 5 833 000,85 мың теңге сомасындағы ипотекалық займдар бойынша талап ету құқығы сатып алынған. Оның 73 пайызын - баспана сатып алу, 21 пайызын - коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу, 4 пайызын - баспананы жөндеу, 2 пайызын - баспана құрылысы және баспана құрылысын қаржыландыруға үлестік қатысу құрайды. Жалпы компанияның өнімдерінің 40,92 пайызы - Алматы қаласының, 16,48 пайызы Астана қаласының, 11,51 пайызы Ақтөбе облысының еншісінде.
Биыл онда үшінші облигациялық бағдарлама аясында жалпы сомасы 13 миллиард теңгенің төртінші және бесінші шығарылымы тіркелді. Номинал құны бойынша орналастырылған облигациялардың сомасы 14,1 миллиард теңге болды. Желтоқсанның 1-індегі жағдай бойынша активтер сомасы 109 миллиард 450 миллион 920мың теңгені, міндеттемелер 84 миллиард 255миллион 537мың теңгені, ал жеке капитал 25 миллиард 195 миллион 383мың теңге соманы құрады.