Қазақстан-Италия қатынасын ілгерілетуге ешқандай кедергі болмауы тиіс — Президент

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан-Италия қатынасын ілгерілетуге ешқандай кедергі болмауы тиіс. Бұл туралы Ақордада Италия Премьер-Министрі Джорджа Мелонимен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Қазақстан-Италия қатынасын ілгерілетуге ешқандай кедергі болмауы тиіс — Президент
Фото: Ақорда

— Қазір ғана түрлі мәселелерге, екіжақты өзара қарым-қатынасымызға және халықаралық күн тәртібінее қатысты өте байыпты келіссөз болды. Бұл көптеген саладағы біздің екіжақты өзара қарым-қатынасымызға тың серпін береріне сенімдімін, — деді Президент.

Мемлекет басшысының дерегінше, Италия Қазақстаннның сауда серіктестері арасында үшінші, ал Еуропа Одағы елдері арасында бірінші орында тұр. Өткен жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 20 млрд долларға жетті. Бұл көлемді арттыра түсуге де айтарлықтай әлеует бар.

— Әрине, нарығымызда көптеген италиялық компанияның табысты жұмыс істеуін жоғары бағалаймыз. Үкіметімізге мәлім және сіздердің компанияларыңызға белгілі бір жеңілдіктер беретін боламыз. Нарығымызда оларда қандай да бір мәселе болса, маған айтсаңыз. Біз шешімін табамыз. Арасымыздағы өзара қарым-қатынасты ілгерілетуге ешқандай кедергі болмауы тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен шағын құрамда келіссөз жүргізген еді. 

Кеше елордада «Италия — Қазақстан» іскерлік форумы өтіп, екі елдің ұйымдары жалпы сомасы 180 миллион еуро болатын 10 меморандумға қол қойды. 

Ал бүгін түстен кейін Мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші «Орталық Азия — Италия» саммиті өтеді.

Соңғы жаңалықтар