Қазақстан Қара теңізге шығатын жол тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Поти портында (Грузия) Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызды бөлігі саналатын бірінші қазақстандық мультимодальды терминал жұмысын бастады.

Казахстан получил выход к Черному морю
Фото: видеодан алынды

Нысан Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия әрі қарай Еуропа елдерін жалғайтын Орта дәліздің бөлігіне айналды.

Ашылу рәсімі Қазақстан, Грузия, Әзербайжан өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Poti Transterminal» АҚ бас директоры Олжас Арықбаевтың сөзінше, терминал экология, өрт қауіпсіздігі мен инженерлік қауіпсіздік бойынша Грузия заңнамаларының талаптарына сәйкес болды.

Нысанға заманауи жабдықтар орнатылған. Олар: австриялық ричтакерлер мен сағатына 25 конейнер өңдейтін қытайлық крандар.

Терминалдың өткізу қабілеті бірінші кезеңде жылына 120 мың тоннаны құрайды. Болашақта бұл ауқым кеңеюі мүмкін.

ҚР Көлік министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тлеповтың айтуынша, терминалдың іске қосылуы Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалын арттыруда стратегиялық қадам болып табылады.

- Өткен жылы біз 4,5 млн тонна жүк тасымалдадық, өсім 60% құрады. Алдағы үш жылда бөл көрсеткішті жылына 10 млн-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Поти терминалы Қытайдан еуропаға жөнелтілетін жүктердің негізгі бөлігін өңдеуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Бұл нысанның жұмысының алғашқы экономикалық тиімділігін Қазақстан жартын жылдан соң-ақ сезіне бастайды.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың транскаспий бағытын дамытуға басымдық берілетінін айтқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар