Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы қаржы секторын дамыту үшін жаңа құралдарды қабылдау қажет деп санайды
Ол бұл пікірін бүгін Астанада өтіп жатқан «Эксперт - 100 - Қазақстан» атты жыл сайынғы экономикалық форумда білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, осы орайда Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы түбегейлі екі шешімді ұсынып отыр. «Біріншісі, бізге іші қорландыру тетігін күрт ұлғайту керек. Бұл Мемлекет басшысы мақұлдаған Қазақстанның қаржы секторын дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдамада қарастырылған», деді ол.
Оның айтуынша, елімізде заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі экономиканы несиелеудің мұқтаждығының тең жарымын ғана қамтамасыз етеді. Қалғандары сыртқы заемдар. «Сыртқы заемдар күрт қысқаруда. Мұндайда біз заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін ұлғайту үшін жағдай жасауымыз керек», деді ол.
С. Ахановтың айтуынша, екіншіден, жаңа қаржылық құралдарды, атап айтқанда кепілдік механизмін және сақтандыру механизмін дамыту керек. Бұлар несиелеудің нақты кеңеюін қамтамасыз етеді және қазіргі Ұлттық банкте сақталып тұрған 9 млрд. доллар көлеміндегі қысқа мерзімді ақшаларды ұзақ мерзімді ақшаға айналдыра алады. Сонымен қатар С. Аханов Стрестік активтер қоры қаржысының мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін айтты.
Оның пікірінше, бұл Қазақстан экономикасындағы бірегей құрал. Сонымен қатар теңдей қаржыландыру механизмін дамыту қажет.