Қазақстан кәсіподақтар федерациясының басшысы ауысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына жаңа төраға сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының жаңа басшысы болып Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайым сайланды.
«Бүгін Астанада федерацияның Бас кеңесі жаңа төрағаның кандидатурасына бірауыздан дауыс берді», - делінген федерацияның ресми сайтында таратылған хабарламада.
2013-2017 жылдар аралығында ҚР КФ басқарған Әбілғазы Құсайынов өз қалауы бойынша қызметінен босатылды.