Қазақстан «Кәсіпорынды тіркеу» индикаторы бойынша «Doing Business-2016» рейтингінде 21-орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан «Doing Business-2016» жаһандық рейтингінің жекелеген индикаторлары бойынша біршама ілгері жетістіктерге қол жеткізді, деп есептейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева.

Қазақстан «Кәсіпорынды тіркеу» индикаторы бойынша «Doing Business-2016» рейтингінде 21-орынға көтерілді

«Мәселен, «Халықаралық сауда» индикаторында Қазақстан өзінің орнын 63 сатыға дейін жақсартып, бірден 185-орыннан 122-орынға секірген. Осындай жетістіктер ең қиын индикаторлардың бірі - «Құрылысты жүргізуге рұқсат алу» саласы бойынша да байқалған: 154-орыннан 92-орынға, яғни 62 сатыға жоғарылады. «Кәсіпорынды тіркеу» индикаторы бойынша да едәуір жақсы жетістік бар, Қазақстан 34-орынға көтерілді. Былтыр біз 55-орында болғанымызды ескерсек, биыл үздік отыздыққа еніп, 21-орынға тұрақтадық», - дейді ол.

Оның айтуынша, осындай қомақты жетістіктер рейтингтің 10 бағыты бойынша орын алды.