Қазақстан кітапханашылары Оңтүстік Корея тәжірибесін қабылдамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Оңтүстік Кореядан келген профессор Кимнің қатысумен кітапханашыларға арналған семинар өтуде.
None
None

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген 100 нақты қадамды жүзеге асыру мақсатында біздің кітапханамызда кітапханашыларды дайындауға бағытталған жұмыс басталды», - деп атап өтті БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР ҰАК ақпараттық-библиографиялық сервис қызметінің жетекшісі Сәуле Назырова.

Оның сөзіне қарағанда, мұндай семинар кітапхана ғимаратында шетелдік қонақтың қатысумен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

«Кореяның Ханьян университетінің кітапхана ісі жөніндегі профессоры доктор Ким келді. Ол ақпараттандыру тақырыбында дәріс оқиды. Өйткені, біздің кітапхана электронды түрде жасақталған. Әрі қазіргі күні барлық облыс орталықтарындағы кітапханалар өз қорларын сандық форматқа көшіріп жатыр. Демек, бұл дәрістің тақырыбы біздер үшін барынша өзекті», - деді ол.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, шетелдік ғалым семинар барысында кітапхана саласындағы менеджмент, маркетинг және инновациялар бойынша да дәріс береді.

«Семинарға Ақтөбе, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері қатысуда. Дәріс үш күнге созылады. Қорытындысында қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат табыс етіледі», - деді С.Назырова.

Соңғы жаңалықтар