Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттің 70 пайызын қамтамасыз етеді — Нидерланд елшісі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Нико Шермерс Қазақстанның Орта дәліздегі стратегиялық рөлін атап өтті. Дипломат бұл туралы Астанада өткен Қазақстан–Нидерланд Іскерлік кеңесінің II отырысы аясында мәлімдеді. 

Нико Шермерс
Фото: ҚР Сырты сауда палатасы баспасөз қызметі

Елші Қазақстанның Орта дәліз маршруты бойынша ерекше стратегиялық маңызына тоқталды. 

— Бүгінде Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық транзиттің 70 пайызын қамтамасыз етеді. APM Terminals сияқты ірі нидерланд компаниялары бұл бағытта Ақтау мен Құрық порттарын дамытуға қазірдің өзінде үлес қосып отыр, — деді ол.

Сондай-ақ елші өткен апта ғана Нидерландыда 160 миллион еуро тұратын жаңа келісімшарттар жасалғанын хабарлады. 

— Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды ел. Бізге мұнай-газдан өзге салаларға, яғни су шаруашылығына, ауыл шаруашылығына көшу тиімді. Нидерланд Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор және бұл қызметті әлі де жалғастыруға ниеттіміз, — деп түйіндеді сөзін Шермерс.

Айта кетейік, бұған дейін, ол еліміз цифрландыру саласында Нидерландыға үлгі бола алатынын айтқан еді.