Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі: 70-тен аса коммерциялық құжатқа қол қойылды

АСТАНА.KAZINFORM -  Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің қорытындысы бойынша жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен аса коммерциялық құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі: 70-тен аса коммерциялық құжатқа қол қойылды
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы өтті.

Президент Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысында сөз сөйлеп, еліміздің инвестициялық әлеуетін таныстырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстан тау-кен металлургиясы кешенін дамыту үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр.

Қазақстан арқылы өтетін Қытай-Еуропа транзит дәлізінің жүк өткізу мүмкіндігі 5 есе артады.

Қазақстан Sinopec компаниясымен бірлесіп Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыт салып жатыр.

Қытай Қазақстан экономикасына 27 миллиард доллар инвестиция салды.

Соңғы жаңалықтар