Қазақстан қыздар құрамасы ватерполдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM -  Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан әртүрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында ватерполдан Қазақстан қыздар құрамасы жарысты жеңіспен бастады.

су
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, алғашқы ойында отандастарымыз Шри-Ланкадан 43:4 есебімен басым түскен.

Су добы. Қыздар. 1-ойын. Қазақстан – Шри-Ланка 43:4

Қазақстан құрамасы салған гол авторлары:

10 – Дарина Сембек

6 – Анеля Алтыбасарова

5 – Алина Озкая, Яна Мартынова, Ангелина Лемачко

4 – Яна Смолина, Юлия Дружинина

2 – Аида Алпысбай

1 – Анфиса Журавлева, Ариадна Затыльникова

Қазақстан қыздар құрамасы ватерполдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Чемпионатқа 7 команда (Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Сингапур, Шри-Ланка, Қытай) қатысып жатыр. Олар айналмалы жүйе бойынша өзара бақ сынасып, ең көп ұпай жинаған құрамалар жүлдеге ие болады.

Соңғы жаңалықтар