Қазақстан командасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында үш қола медальді жеңіп алды
АШКЕНТ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстан құрама командасы Өзбекстанның астанасында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында үш қола медальді жеңіп алды.
Бұған дейін хабарланғанындай, Ташкентте көркем гимнастикадан 11-інші Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Бүгін түске дейін жеке орындаудағы жаттығулар бойынша финалдық жарыстар болды. Қазақстандық спортшы Юлия Семенова шеңберде өнер көрсетуден - қола медальды, ал Юлия Кизим ұршық пен доптан өнер көрсеткені үшін екі қола медальді жеңіп алды.