Қазақстан конькишілері әлем кубогында тарихи жүлдеге қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Конькимен жүгіруден Канаданың Квебек қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде жерлестеріміз алғаш рет командалық спринтте қола жүлдеге қол жеткізді.

спорт
Фото: Спорт комитеті

Аталған бәсекеде ел намысын Екатерина Аидова, Инесса Шумекова және Алина Дауранова қорғаған болатын.

Нәтижесінде ел қоржынына командалық спринттегі алғашқы жүлделерін жеңіп алды.

1-орын - Нидерланд — 1:27.09

2-орын - Польша — 1:27.79

3-орын - Қазақстан — 1:29.16

Соңғы жаңалықтар