Қазақстан қор биржасында доллар тағы арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,97 теңгеге түсіп, 455,40 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 458,45 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 453,00 теңгеден сатып алынады, 460,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 523,00 теңге, сату — 533,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,00 теңге, сату — 5,25 теңге.
— юань: сатып алу — 68,53 теңге, сату — 72,48 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 455,64 теңгеден сатып алынады, 457,77 теңгеден сатылады. Еуро 526,34 — 531,89 теңге, ал рубль 5,16 — 5,30 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,31 теңгеден сатып алынады, 70,66 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 1 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,12 теңгеге түсіп, 458,45 теңге болды.
https://kaz.inform.kz/news/birzhada-dollar-tagi-3-tengege-tust-a9ca5bcf