Қазақстан қор биржасындағы “KazPrime” индикаторы өзгермей, жылдық 1,63 пайыздық көрсеткішті құрады
ТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы 2011 жылғы 3 тамыздағы фиксинг қорытындысы бойынша өткен сауда күніне қатысты "KazPrime" индикаторы өзгермей, жылдық 1,63 пайыздық көрсеткішті құрады,
деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі.
"KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығында 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақшалардың орналасу мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді.