Қазақстан қор биржасындағы "KazPrime" индикаторы төрт базистік көрсеткішке өсіп, жылдық 1,87 пайыздық көрсеткішті құрады
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы 2011 жылғы 19 қаңтардағы фиксинг қорытындысы бойынша өткен сауда күніне қатысты "KazPrime" индикаторы төрт базистік көрсеткішке өсіп,
жылдық 1,87 пайыздық көрсеткішті құрады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі.
"KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығында 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақшалардың орналасу мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді.