Қазақстан-Корея қарым-қатынасы сенім, сыйластық және прагматизмге негізделген — министр

АСТАНА. KAZINFORM — Өзара ынтымақтастық одан әрі нығая береді. Бұл жөнінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан-Корея бірлескен комиссиясының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 11-отырысында мәлімдеді.

Қазақстан-Корея бірлескен комиссиясының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 11-отырысы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Екіжақты серіктестікті нығайтуға тұрақты қызығушылығыңыз үшін алғыс айтамын. Қазақстан Кореямен тығыз байланысты жоғары бағалайды. Біздің қарым-қатынасымыз сенім, сыйластық және прагматизмге негізделген. Ынтымақтастықты дамытуда өзара сенім мен жоғары деңгейдегі тұрақты диалог маңызды рөл ойнайды. Қос елдің мемлекет басшыларының қолдауы мен жіті назарының арқасында серіктестігіміз іс жүзіндегі жаңа мазмұнмен толығып жатыр, — деді ол.

Қазақстан-Корея бірлескен комиссиясының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 11-отырысы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Қазақстан-Корея бірлескен комиссиясының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 11-отырысы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Сонымен қатар, ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл қыркүйек айында Сеулге жасайтын сапары екіжақты қарым-қатынасқа жаңа серпін беретінін атап өтті.

Қазақстан-Корея бірлескен комиссиясының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 11-отырысы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Одан бөлек, министр мазмұнды диалог үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейде жалғасып жатқанына тоқталды.

Қазақстан-Корея бірлескен комиссиясының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 11-отырысы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Қазақстан-Корея бірлескен комиссиясының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 11-отырысы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Оның сөзінше, қос мемлекеттің үкіметтері сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-технологиялық салаларда серіктестікті күшейту үшін нақты тапсырмаларды орындап жатыр.

Қазақстан-Корея бірлескен комиссиясының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 11-отырысы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореядағы заңды жұмысқа ел азаматтары қашан бара алатынын жазғанбыз.