Қазақстан қорғаныс саласындағы үлгілендіру жұмыстарын белсенді жүргізетін болады ? Д. Ахметов

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан қорғаныс саласындағы үлгілендіру жұмыстарын белсенді жүргізетін болады.
None
None
Бүгін Қазақстанда тіркелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан үшін қорғаныс саласын үлгілендіру сөзсіз маңызды мәселенің бірі болып табылады. Біз осы тұрғыда Ресеймен, ҰҚШҰ мемлекеттерімен ынтымақтастығымызды арттырамыз. Біздің ұйым шеңберіндегі әріптестеріміздің барлығы қорғаныс саласындағы үлгілендіру мәселесінің қажеттігі туралы жеткілікті біледі деп ойлаймын. Сондықтан да, Қазақстан бұл бағытта көпвекторлы бағытты жүргізетін болады. Біз өткен жылдың соңы мен ағымдағы жыл басында «Найза» оқ жаудыру реактивтік жүйесін, «Семсер» жаңа ату жүйесін және «Айбат» минометті атудың жаңа жүйесін алып отырмыз. Бұдан кейін де тұжырымдамалы түрде маңызды болып табылатын шаруаларымызды белсенді түрде жалғастыра береміз», - деді Д. Ахметов. Сонымен бірге, министр Қазақстанның заманауи қару сатып алумен қатар, трансферт технологиялары бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ендігі күні «Найза» қару жүйесі бойынша толық түрде механикалық құрастыру шаралары Қазақстанда атқарылатын болады. «Бұның өзі қарудың жаңа жүйелерін қазақстандық құрастыру бойынша маңызды қадам. Бұл тұрғыдан алғанда, еліміздегі өндірістік инфрақұрылымның қорғаныс жүйесін қамтамасыз етуге толық қуаты бар екендігін айтуға болады. Тоқтала кететін жайт, біз израйльдік әріптестерімізбен бірлесе отырып Қазақстанда қару шығару жүйесін орындадық. Яғни, қысқа мерзім ішінде Қазақстанның әскери өндірістік кешені жаңа белеске шықты деп айтуға негіз бар», - деді Д. Ахметов.
Соңғы жаңалықтар