Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында командалық біріншілікте екінші орында келеді

nbsp; Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есеп бойынша екінші орында келеді.

Қазақстан   көркем гимнастикадан  Азия  чемпионатында      командалық біріншілікте екінші  орында  келеді

Бұдан бұрын хабарлағандай, Ташкентте көркем гимнастикадан ХІ Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрамына жеті адам кірген Қазақстан командасының спортшылары Өзбекстанның бас спорттық аренасында өз шеберліктерін ортаға салуда.

Чемпионат қорытындысы шығарылар алдында, Ташкенттегі Әмбебап спорт сарайында Азия елдері гимнасшыларының доппен, ұршықпен жеке жаттығулары және топпен лента жаттығулары тамашаланды.

Қазақстан өкілдері Юлия Семенова мен Юлия Кизима «Б» тобында өз қарсыластарынан озып шықты.

Бейсенбі, ақпанның 18-і күні жеке және топтың жаттығулар бойынша ақтық кезең өтеді.