Қазақстан көршілес мемлекеттердің шекаралас аудандарында жануарларды аусылға қарсы вакцинациялауға 2 млн. еуро жұмсамақ
«2013 жылдың қазанынан бізде, Астана қаласында Орта Азия өңірінде аусылмен күресті үйлестіру және бақылау бойынша субөңірлік кеңсе ашылды. Бұған қоса осы кеңсе жанында вакцина банкін құру жоспарланып отыр. Бірінші грант 2 млн. еуроны құрайды. Ол көршілес мемлекеттердің шекаралас аудандарында жануарларды вакциналау үшін жоғары сапалы вакцина сатып алуға жұмсалады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, қазіргі таңда еліміздің 5 облысында аусылдың структурасыз ақуызын анықтау және вакциналанған жануарлардың иммунитетті алғаны анықталу үстінде.
«Біз структуралық ақуызға тұрақты мониторинг жүргізіп отырмыз. Бұл бізге таяу жылдардың ішінде еліміздің аусылдан азат аймақ қатарына кіруіне мүмкіндік береді», - деді вице-министр.
Министрлік деректеріне қарағанда, ағымдағы жылдың 5 айында кейбір жіті және созылмалы инфекцияларды қоспағанда Қазақстан аумағында эпизоотиялық жағдай бір қалыпты. Осы жылдың қаңтар-мамыр айларында жіті инфекциялардың 74 ошағы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 пайызға кем.