Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Жапонияның Номи қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдеге ие болды. Бұл туралы ҰОК хабарлады.
Құрлықтық жарыстың жүлдегерлері қатарына Ясмина Тоқсанбаева енді. Ол спорттық жүрісте екінші орын алды.
Жартылай марафон қашықтығында қазақстандық спортшы екінші болып мәреге жетті. Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі - 1:37:17.
Қытайлық Чжан Тин жарыс жеңімпазы атанды - 1:36:18. Ал қола медальді тағы бір Қытай спортшысы Лю Хайянь иеленді - 1:38:45.
Айта кетелік Таиландтағы турнирде Қазақстан құрамасы екінші алтын медаль алды.