13:29, 28 Сәуір 2025 | GMT +5
Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль үшін күреседі
АСТАНА. KAZINFORM – 28 сәуірде Бангкок (Таиланд) қаласында дзюдодан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр.

ҚР ҰОК мәліметінше, соңғы медальдар аралас командалық жарыстарда сарапқа салынады.
Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін бақ сынайды. 1/4 финалда қазақстандық дзюдошылар Моңғолия командасынан жеңіліп қалды.
Жұбаныш белдесуінде Қазақстан Қырғызстаннан басым түсіп, жарыс күнінің финалдық кезеңіне жолдама алды.
Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.