Қазақстан құрамасы Juniors Davis Cup турнирін екінші орынмен аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Asia/Oceania Final Qualifying Juniors Davis Cup турнирін екінші орынмен аяқтады. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы мәлім етті.

Қазақстан құрамасы Juniors Davis Cup турнирін екінші орынмен аяқтады
Фото: ҚТФ

Команда бұған дейін үздік төрттікке еніп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Бұған дейін Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Junior Davis Cup турнирінің финалдық кезеңіне шыққанын жаздық.

Шымкентте өтіп жатқан Азия/Мұхит жағалауы аймақтық іріктеу турнирінің жартылай финалына жолдама алған отандастарымыз әлемдік біріншіліктің шешуші сатысына мерзімінен бұрын өтті.

Ширек финалдық бәсекеде Қазақстан құрамасы Гонконг командасын ұтты. Алғашқы болып кортқа шыққан Ахмади Маханов қарсыласы Такуто Матсуоны 6:2, 6:3 есебімен қапы қалдырды. Одан кейінгі кездесуде Аңсар Ниетқалиев Чой Фу Вангтан 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, жалпы есептегі жеңісті бекіткен болатын.