Еркін күрестен балуандар Беларусьтегі турнирде 14 медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Минскіде (Беларусь) Александр Медведьті еске алуға арналған халықаралық Гран-при турнирі аяқталды.

Қазақстан құрамасы күрестен Беларусьтегі турнирде 14 медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған додада Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды.

Еркін күрестен Едіге Қасымбек 125 келіге дейінгі салмақта алтыннан алқа тақты.

Нұрлан Өтегенов (79 келіге дейін) және Дәулет Ергеш (86 келіге дейін) күміс медаль алды. Ал Мейіржан Аширов (74 келіге дейін), Ерасыл Мұхтарұлы (57 келіге дейін), Ади Серікұлы (65 келіге дейін), Начын Куулар (70 келіге дейін), Санжар Досжанов (74 келіге дейін), Нұркерім Ернияз және Бейбарыс Қасымбек (92 келіге дейін) жарысты қола медальмен аяқтады.

Сондай-ақ ұлттық құрама әйелдер арасындағы бәсекеде екі күміс және екі қола медальға ие болды. Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Алина Ертөстік (76 келіге дейін) екінші орын алды. 68 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ирина Казюлина және Елена Шалыгина үздік үштікті түйіндеді.

Бұдан бұрын еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері Данияр Қайсановтың ұлттық құраманың алдағы жоспарын жариялағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум