Қазақстан құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы еркін күрестен Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында үш медальға ие болды.

Қазақстан құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

70 келіге дейінгі салмақта Сұңқар Сейдахмет финалда үндістандық Сумит Кумар Лаксман Бхараскарға жол беріп, күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ 97 келіге дейінгі салмақта Самир Дурсунов ақтық сында Қытай өкілі Ян Юаньчунге есе жіберіп, жарысты күміс медальмен аяқтады.

Ал 79 келіге дейінгі салмақта Айбек Қалиахмет қола жүлде үшін өткен айқаста өзбекстандық Амирбек Урдушевтен басым түсті.