Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Таеквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан «World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4» турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

Казахстанские таеквондисты завоевали шесть медалей на международном турнире
Фото: ҚР ҰОК

Ұлттық құрама аралас командалық сайыста финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс медальмен аяқтады.

Ұлттық құрама сапында Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймұқащева және Аида Тәукенова ел намысын қорғады.

Сонымер қатар қазақстандықтар жекелей сайыста да жүлделі орындардан көрінді.

Бекасыл Ергеш (80 келіге дейін) және Аяулым Асқар (67 келіге дейін) күміс жүлде еншілесе, Нұрбек Ғазез (68 келіге дейін), Алмира Қанат (57 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында алты медаль бар. Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медальға ие болған еді.

Осыған деін қазақстандық таеквондошылардың Оңтүстік Кореядағы турнирдің финалында бақ сынайтынын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар