Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Азия чемпионатына қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Филиппиннің Тагайтай қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Бұл туралы ҰОК хабарлады.
Ұлттық құраманың тізімі төмендегідей:
Ерлер: Максим Хорошавин, Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов, Илья Карабутов, Кирилл Курдиди, Данияр Шаяхметов, Дмитрий Резанов.
Әйелдер: Рината Сұлтанова, Мария Елькина, Ангелина Буренкова.
Құрлық біріншілігі 21-31 наурыз аралығында өтеді.
Айта кетелік бүгін UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта ойындары басталады.