Қазақстан үстел теннисшілері Тәжікстан турнирінде 6 жүлде иеленді

АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстанның Дангар қаласында үстел теннисінен Тәжікстан президентінің ашық кубогы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Тәжікстандағы турнирді 6 медальмен аяқтады
Фото: ҰОК

Халықаралық турнирде Қазақстан намысын Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Сағантай Құрмамбаев, Ырысбек Артықметов, Жанерке Көшкімбаева, Әнел Бақыт, Ангелина Романовская және Гүзел Торшаева қорғады. Ұлттық құрама жарысты алты медальмен аяқтады.

Әнел Бақыт пен Қазақстан әйелдер құрамасы командалық сайыста алтын жүлдеге ие болды. Айдос Кенжіғұлов, Ангелина Романовская және ерлер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Ал Санжар Жұбанов жарысты қола жүлдемен түйіндеді.

Осыған дейін 2027 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионаты Қазақстанда өтетінін жазған едік.