Қазақстан құрамасының футболшысы Михаил Габышев кәсіби мансабын аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

ы
Фото: «Шахтер» футбол клубы

Михаил Габышев Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесінде 12 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. 

Отандасымыз UEFA Ұлттар лигасында Беларусь құрамасына қақпасына соққан голы жанкүйер есінде қалды. Сол кездесуде Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Михаил Габышев 1990 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген.

Футболшы мансабында 2008 жылдан бері «Шахтер», «Атырау», «Астана», «Каспий» және «Елімай» командаларында ойнады.

Михаил Габышев футболшы мансабында қарағандылық «Шахтер» (2012), елордалық «Астана» (2022) сапында Қазақстан чемпионы атанды. 

Еске салсақ, бұдан бұрын «Тобылдың» Конференция лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды.