Қазақстан құрамасы Азия ойындарында жеңіп алынған медальдар саны бойынша рекорд орнатты

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Азия ойындарында жеңіп алынған медальдар саны бойынша рекорд орнатты.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында жеңіп алынған медальдар саны бойынша рекорд орнатты

Осыған дейін хабарланғандай, жарыстардың соңғы күні допты хоккей бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы турнирдің межесінде Моңғолия құрамасынан 16:2 есебімен басым түсіп, өз командасының қоржынына 30-алтын медальді салды.

Азиада-2011 ресми сайты хабарлап отырғандай, бұған дейінгі рекорд, яғни 29 алтын медаль Жапонияға тиесілі болатын. Ол 1986 жылы Саппоро қаласында өткен 1-қысқы Азия ойындарында орнатылған.