Қазақстан құрамасы Токиода жасөспірімдер арасында өткен Азиялық Паралимпиадалық ойыннан олжалы оралды

АСТАНА.  Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат -  Токиода     жасөспірімдер  арасында     алғашқы Азиялық  Паралимпиадалық ойындар  аяқталды.     Онда    табысты     өнер көрсеткен   Қазақстан  құрамасы     23 медаль    қанжығалады.  Атап айтқанда, қазақстандық  жасақ  7 алтын,   12 күміс  және 4  қола медаль    жеңіп алды.   

Қазақстан  құрамасы    Токиода     жасөспірімдер  арасында    өткен  Азиялық  Паралимпиадалық ойыннан   олжалы  оралды

Қазақстанның    барлық   паралимпиадашылары   жүзу жарыстарынан    Азиялық ойындардың  наградасымен   оралуда, бір  медаль - жеңіл атлетикадан  алынды,  деп   хабарлады  Спорт  комитетінен.

Қазақстан құрамасы   бүгін, қыркүйектің  14-інде Астана  уақыты   бойынша 21.35-те Сеул-Алматы рейсімен  Алматы  халықаралық  әуежайына   келеді.