22:00, 07 Мамыр 2023 | GMT +5
Қазақстан құрамасынан үшінші болып Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аса ауыр салмақта сынға түсетін Қамшыбек Қоңқабаев 1/8 финалда сириялық Мохаммед Млайнспен жұдырықтасты.
Қазақстандық спортшы басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қамшыбек екінші жекпе-жегін сәтті өткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сәкен Бибосыновтың бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Серік Теміржанов пен Нұрқанат Райыс ширек финалға шықты.
Қазақстан бокс федерациясы Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіне қатысты шағым жолдады.
