20:27, 01 Сәуір 2021 | GMT +5
Қазақстан құрамасының футболшылары ӘЧ-2022 біліктілік рейтингінде серпіліс жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан құрамасы Украинамен болған ойында тең түскеннен кейін Еуропа аймағындағы 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысушылардың біліктілік рейтингінде өз орнын жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта тізімде алты позицияға көтерілген қазақстандық команда Босния мен Герцеговинаны басып озып, 6.45 коэффициентімен рейтингте 38-орынға тұрақтады.Грузия, Словения және Уэльс біздің құрамадан жоғары орналасқан. Рейтингте ағылшын командасын бірінші орыннан ығыстырған Дания құрамасы көш бастап тұр.