Қазақстан құрамасының футболшысы Мәскеудің ЦСКА-сына ауысуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов Мәскеудің ЦСКА командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Чемпионат» сайтында мәлім етілгендей, қазіргі кезде «Ростов» (Дондағы Ростов) командасында ойнап жүрген Б.Зайнутдиновты ЦСКА-ға алу жөнінде келіссөз жүргізілуде.

Өткен маусымда Ресей біріншілігінде Б.Зайнутдинов «Ростов» құрамында 17 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Жаңа маусымда 3 матчта алаңға шығып, екі мәрте ескерту алды. Жартылай қорғаушының «Ростовпен» келісімшарты биылға дейін есептелген, оның трансферттік құны 2 млн еуроға бағаланып отыр.

Кеше өз алаңында күтпеген жерден «Рубин» (Қазан) клубынан 1:2 есебімен ұтылып қалған ЦСКА турнир кестесінде 7 ұпаймен жетінші орында келеді.

Биыл бар болғаны үш ұпай жинап, қарқынын баяулатып алған «Ростов» бүгін Уфада жергілікті командамен күш сынасады.

Өткен маусымда ЦСКА төртінші, «Ростов» бесінші орынға көтеріліп, екеуі де Еуропа лигасында ойнауға жолдама алған болатын.


Соңғы жаңалықтар