16:32, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазақстан құрамасының қақпашысы ресейлік командамен келісімшарт жасасты
ОРАЛ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазақстан құрамасы қақпасының кілтін ұстаған белгілі футболшы Давид Лория ресейлік премьер-лига командасы Нальчиктің «Спартагымен» келісімшарт жасасты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресейлік ақпарат көздері таратқан мәліметке қарағанда, бұдан бұрын Қарағандының «Шахтер» командасының намысын қорғаған Д.Лорияның өнерін «Спартактың» бас бапкері Юрий Красножан жоғары бағалаған.