Қазақстан құрылысшылары кезектен тыс сайлаудың өткізілуін қолдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінің Астана қаласының сайлауалды штабының баспасөз орталығында сайлау кампаниясы аясында Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының өкілдерімен кездесу өтті.
None
None

Қазақстан құрылысшылары ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуді қолдайды.

Кездесу барысында Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының атқарушы директоры Аслан Тукиев кезектен тыс сайлауды өткізу туралы шешімнің уақтылы қабылданғанын атап өтті, деп хабарлайды astana.kz.

- Өткен шақырылымдағы депутаттар көп жұмыс атқарды, алдағы уақытта туындайтын әлеуметтік-экономикалық проблемалар аз емес, олар жаңа көзқарас пен жаңа шешу жолдарын қажет етеді. Біз Парламент Мәжілісі бұрынғыдай көппартиялы болатынына үміттенеміз, - деді А. Тукиев.

Оның айтуынша, экономикалық дағдарысқа байланысты құрылыс саласында да елеулі өзгерістер орын алды.

- Азаматтар тиімді бағамен тұрғын үй алуға мұқтаж. Біз оны қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы атынан біз ұсыныстар жасап, кандидатураларымызды ұсынамыз, - деді А. Тукиев.

Соңғы жаңалықтар