Қазақстан Қырғызстанға 500 миллион киловатт-сағат электр энергиясы үшін алдын ала төлем жасайды

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ -   Қазақстан Қырғызстанға 500 миллион киловатт-сағат электр энергиясы үшін алдын ала төлем жасайды. Бұл туралы екі ел Үкіметтері басшылары келіссөздерінің қорытындылары бойынша Қырғызстан Премьер-Министрі Данияр Үсенов мәлімдеді.
None
None

«Біз бүгін Қазақстан желтоқсан-қаңтар айларының ішінде 500 миллион киловатт-сағат электр энергиясы үшін төлем жасайтыны туралы құжатқа қол қойдық, оны көктемде суаатын сумен бірге алады», - деді Қырғызстан Премьер-Министрі Данияр Үсенов.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бұл Тоқтағұлдан су жіберуді реттеуге, Қырғызстан қысты алаңсыз өткізуге мүмкіндік береді, деп түсінік берді.

Соңғы жаңалықтар