Қазақстан Қырғызстанға Германияның төрт азаматын экстрадациялады
Халықаралық іздеу жарияланған күдікті Бішкек қаласындағы Ленин ауданының ІІБ тергеу бөліміне жіберілді және Қырғызстан қылмыстық-процессуалдық кодексінің 94-бабы негізінде Бішкек қаласының ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
2013 жылдың мамыр айында жоғарыда аты аталған Германия азаматы Германиядан шырын өндіретін жабдық тасимын деп сенімге кіріп, алдау жолымен Қырғызстан азаматынан 120 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражат алған.
Алаяқтық жолмен көлемді ақшаға ие болған шетелдік ел аумағынан шығып, із-түзсіз кеткен. Оны Бішкек қ. Ленин ауданының ІІБ тергеу бөлімі Қырғыз Республикасы ҚК 166-бабы, 4-бөлімінде қарастырылған қылмыс жасағаны үшін іздеп жатыр.
Кейінірек азамат Аселборн Вальдемарға Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды. 2016 жылы қазан айының басында халықаралық іздеуді жүзеге асыру және Қазақстан Республикасындағы Интерпол ҰОБ мен құқық қорғау органдарының жедел өзара әрекеттесуі барысында Қырғызстан ІІМ сұратуы негізінде халықаралық іздеу жарияланған Германия азаматы Аселборн Вальдемар Алматы қаласының әуежайында ұсталды. Экстрадиция рәсіміне дейін күдікті қамауда болды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.