«Қазақстан-Қытай» газ құбырының оңтүстікқазақстандық бөлігін газбен толтыра бастады

ШЫМКЕНТ.   Желтоқсанның 5-і.  ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -«Қазақстан-Қытай»  газ құбырының  оңтүстікқазақстандық  бөлігін газбен толтыра бастады.
None
None

8   филиалы осынау  газ құбырының   құрлысымен  айналысатын  «ҚазҚұрылысСервис»   компаниясы    осындай  ресми   ақпарат  таратты.  «Қарашаның 30-ынан бастап  «Қазақстан-Қытай»  магистральдық газ құбырын   газбен толтыру   жұмыстары   басталды.   Ал  желтоқсанның 2-сі  күні сағат 20.30-да  газ     Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы  арқылы   өтті», -делінген компания    хабарламасында.

 «AGP»  жобасының  директоры Гуннар  Лойбенің  айтуынша, жобаның  бірінші  тармағының  құрылысын   ағымдағы жылдың  соңына  дейін  аяқтау  жоспарланған  болатын,  сондықтан да   жұмыстар кестеге сәйкес     жүргізіліп  отыр.

 Құрылысшылардың айтуынша,    қазақстандық участок  өте күрделі  болып  шықты.  Газ құбырының 1 305  шақырымы   өзбек шекарасынан қытай шекарасына  дейінгі  аралықты   құмды  және  таулы    жерлерден  кесіп өтеді, алғаш рет   мұндай  жұмыстар   жоғары қысыммен   жүргізілді.   Газ құбырының жолында -   тас  жолдар мен теміржолдар,    елді-мекендер және өзендер   көп.

 «Алдағы уақытта газ   көлемі    газ құбырының екінші тармағын іске қосу  және     компрессорлық стансылар салудың есебінен  арттырылады. Газ құбырының   бірінші тармағының  іске   қосылғаны  туралы  желтоқсанның 12-сінде Алматыда  салтанатты жағдайда  мәлім етіледі»,  -делінген хабарламада.

 Газ құбырының    қазақстандық бөлігі    жалпы ұзындығы 2 616  шақырымдық   екі  қатар   желіні  құрайды,  ол   Түрікменстаннан  Өзбекстан мен  Қазақстан арқылы Қытайға   табиғи газ жеткізуді  мақсат  ететін   «AGP»   газ құбыры  жобасының     бір   бөлігі  болып  табылады.   

Соңғы жаңалықтар