12:00, 28 Сәуір 2025 | GMT +5
Қазақстан маунтинбайктан Азия чемпионатын екі медальмен аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Гуйчжоу қаласында маунтинбайктан Азия чемпионаты аяқталды.

ҚР ҰОК мәліметінше Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншілікте екі медаль жеңіп алды.
Аралас командалар арасындағы эстафетада біздің құрама екінші орынға ие болды.
Сондай-ақ Денис Сергиенко күміс жүлдені жеңіп алды. Ол кросс-кантри дисциплинасында екінші нәтижені көрсетті.
Айта кетейік, Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жарыс кестесі белгілі болды.