Қазақстан мемлекеттік қаржыны басқару сапасы бойынша Орталық Азияда көшбасшылар қатарында

АСТАНА.KAZINFORM - ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков PEFA (Public Expenditure and Financial Accountability) халықаралық бағдарламасы хатшылығының онлайн кездесуіне қатысты.

Қазақстан мемлекеттік қаржыны басқару сапасы бойынша Орталық Азияда көшбасшылардың қатарында
Фото: Қаржы министрлігі

Оның барысында 2022-2024 жылдардағы Қазақстанның мемлекеттік қаржы жүйесін басқару жұмысына тәуелсіз баға берілді. Бұл бағалау Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкінің бастамасымен және қолдауымен жүргізілген.

PEFA – кез келген елдің қаржы басқару жүйесінің күшті әрі әлсіз жақтарын жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық әдістеме. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан бұған дейінгі бағалаумен салыстырғанда бюджет реформасында, қаржы ағындарының ашықтығын арттыру мен қаржылық тәртіпті нығайтуда айтарлықтай жетістікке жеткен. Мұның нәтижесінде еліміздің Орталық Азия мемлекеттері арасында көшбасшылық позицияны сақтап отырғаны белгілі болды.

Қаржы министрлігі мәліметінше, аталған бағалау халықаралық аренадағы сенімді нығайтып, Қазақстанның кредиттік рейтингіне оң әсер етуі мүмкін. Осы тәсіл жүргізіліп жатқан мемлекеттік қаржы саясатының тиімділігін растап, халықаралық әріптестермен және инвесторлармен жемісті диалогты күшейтуге қосымша жол ашады.

Айта кетейік, Қазақстанда Ислам қаржысы жөніндегі халықаралық кеңес құрылды.

Соңғы жаңалықтар