Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімге орай елімізде орналасқан 52 континентаралық баллистикалық зымыранның шахтасы жойылған ?С. Мыңбаев

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімге орай елімізде орналасқан 52 континентаралық баллистикалық зымыранның шахтасы жойылған.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы барысында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, 1993 жылғы желтоқсанның 13-інде Қазақстан мен АҚШ арасындағы континентаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларын жоюға бағытталған келісімнің нәтижесінде Қазақстандағы 52 шахта жойылған. «Бұндай шахталардың жойылғандығы туралы тиісті актіге де қол қойылды. Қазақстанда қазіргі күні осындай келісімдер аясындағы басқа шахталар жоқ. Ал аталған келісім бойынша Қазақстанға бірқатар қаржылық қолдау көрсетілген. Сонымен бірге, бұл келісім аясында қосымша 15-ке жуық шараны атқару туралы келісім жасалып еді. Бұл атқару жөніндегі келісімнің әрқайсысының қаржыландыруы жеке-жеке болып табылады. Ондай келісімнің 5-еуіне Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жауап береді. Сондықтан да біздің ведомстваға қарасты келісім аясындағы қаржы көлемі 160 млн. АҚШ долларын құрайды», деді С. Мыңбаев. Оның айтуынша, бүгінгі күні министрлік аталған қаражаттың 108 млн. долларын игерген. Ал жалпы келісімдер бойынша АҚШ тарапынан бөлінген қаражат 400 млн. доллар шамасында болып отыр.
Соңғы жаңалықтар