Қазақстан мен Анголаның СІМ екіжақты ынтымақтастықтың болашаған талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ангола Республикасының Сыртқы істер министрі, Ангола Республикасы Президентінің арнайы өкілі Мануэл Домингуш Аугушту Қазақстанға алғаш рет сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен келіссөздер барысында тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымдары ортақ екенін растады. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын бағалап, түрлі салалардағы келешегін атап өтті.

Қазақстан Анголамен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән береді. Кеңес Одағынан бастап Қазақстан мен Ангола достық қарым-қатынастарды ұстанады. Ангола қоғамында жауапты лауазымдарға ие Анголаның көптеген студенттері қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алды. 1975 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қазақстандық мамандар Анголадағы өндірістік нысандарды құруға белсенді қатысқандығы аталып өтті.

Соңғы жаңалықтар