Қазақстан мен Әзербайжан өкілдері бірқатар құжаттарға қол қойды
БАКУ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанға жасаған ресми сапары аясында екі елдің үкіметтері арасында түрлі салалар бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Бакудегі тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Алиев Қазақстан мен Әзербайжан мемлекет басшыларының бірлескен декларациясына қол қойды. «ҚТЖ» ҰК АҚ мен «ӘТЖ» ЖАҚ арасында логистика мен теміржол транспорттық машина жасау саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Екі елдің сыртқы саясат ведомстволары 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын рәсімдеді. Сонымен қатар, 1996 жылдың 16 қыркүйегінде табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық төлеуден жалтаруға қосарланған салық салудың алдын алу және болдырмау үшін Қазақстан мен Әзербайжан үкіметтері арасындағы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР және ӘР Үкіметтері арасындағы хаттамаға қол қойылды.
Сонымен қатар, карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық пен халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімдер рәсімделді.
Еске салайық, бүгін Қазақстан Президентінің Әзербайжандағы ресми сапары жалғасуда.